Алғыс айту күні қарсаңында К. С. Нугуманова және С. С. Елеуова 0 - 4 сынып оқушыларына балаларға сыйластық құндылығын түсіндіру, ризашылық және алғыс айту ниеттерін кеңейту мақсатында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында ойындар ойнатылып, балалар сұрақтарға жауап берді. Өз білімдерін қызықты да керемет көрсете білген оқушылар сабақ соңында “Рахмет” мультфильмін тамашалады.