2024 жылдың 23 ақпанында орта буын тәрбиешілері Бимагамбетова Дана мен Тілек Сара ата - аналарды педагогикалық қолдау аясында «Отбасындағы ортақ тіл»тақырыбында кездесу өткізді.Мақсаты: Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы; Ата - ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері; Балаға жақсы әдеттерді үйрету төңірегінде пікір алмасу. Кездесу барысында баламен өткізген уақыттың қадірі, отбасындағы татулықтың маңызы мен бала тәрбиесінде уақытты тиімді пайдалану турасында сөз қозғалды. Кездесуде 7 “Б” сынып оқушысы Сакен Жангирханның анасы Мадина қолөнер бұйымдарын жасау арқылы уақытты тиімді өткізетіндігімен бөлісті. Кездесу жайлы, жылы атмосферада өтті.