Бастауыш буын бірлестігінің ұйымдастыруымен «Денсаулығым - байлығым» апталығының жоспары бойынша салауатты өмір сүрудің адам өміріне пайдасы, ойын арқылы ойлауға, денсаулықты нығайтуға тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 28 ақпан күні «Спорт - жан серігім» тақырыбында жарыс өтті. Жарысқа бастауыш буын ата - аналары, педагогтар мен оқушылар белсене қатысты. «Кім тез?», «Кім шапшаң?», «Пирамида», «Тіркесіп жет», «Секіріп жет» ойындары арқылы жарыс өте көңілді өтті. Ойынға ата - аналар балаларымен, педагогтармен бірге белсене қатысты. Әділ қазылардың әділ шешімімен үш топ та дипломдармен марапатталды. Көрермендерге ойын өте керемет әсер қалдырды, қошеметтерімен қолдау білдірді. 1 - ші орынды «Спорт» тобы. 2 - ші орынды «Дәрумендер» тобы. 3 - ші орынды «Тұлпар» тобы жеңіп алды.