16 ақпан күні тәрбиешілер Балмагамбетова Г. , Мустапина Г. орта буын оқушылары мен ата-аналары арасында «Мен және менің отбасым» атты шығармашылық байқау өткізді. Байқауға 5 "ә", 7 "а", 7 "ә", 7 "б " кластарының оқушылары мен ата-аналары белсене қатысып, байқау кезеңдері бойынша сынға түсті. Байқау барысында бала мен ата-ана арасындағы сүйіспеншілігі мен мейірімінің көз сүйсінтіп, көңіл марқайтар тұстарының куәсі болдық. Байқау соңында белсенді отбасыларға шын көңілден тілек пен алғыс айтылып, номинациялармен марапатталды.

🏆«Парасатты отбасы» - 7 "ә" класс оқушысы Мақсатқызы Жеңісгүл және әжесі Байтлеева С.

🏆«Ұлағатты отбасы» - 7 "б" класс оқушысы Сакен Жангирхан және анасы Рыспаева М.

🏆«Өнерлі отбасы» - 7 "а" класс оқушысы Алиева Айдана және апасы Асылбекова Б.

🏆«Мерейлі отбасы» - 5 "ә" класс оқушысы Шымбергенова Томирис және апасы Исатаева А.

🏆«Берекелі отбасы» - 5 "ә" класс оқушысы Масакова Маржан және анасы Масакова Ж.

🏆«Белсенді отбасы» - 5 "ә" класс оқушысы Бақтығали Асланбек және апасы Жәңгірова Ж.

Шығармашылық байқау тартымды өтті.