15.02.24ж. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Ж.Кусакбаеваның ұйымдастыруымен “Жат ағымдардан сақтандырудың жолдары“ тақырыбында Ақтөбе қалалық діни мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Сансызбай Ұлқабай мырзамен кездесу өткізілді.  Кездесу барысында жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Оқушылар мен тәрбиешілер тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.