08.02.2024 жылдың 8 ақпанында «ДосболLike» акциясы аясында «Сымсыз тоқу» үйірмесінің жетекшісі Жанылсын Боранбаеваның ұйымдастыруымен «Біз тоқимыз» атты шеберлік класы өтті.

Шеберлік класта барлық үйірмеге қатысушылар өз қолдарынан тоқыған бұйымдарын таныстырып, шеберлік шеру көрсетті. Үйірме жетекшісі «Аlize puffi» жібінің арнайы дайын ілмекті қолмен тоқудың ерекшелігін, пайдасын, қол моторикасын дамытатындығына, шеберлікке, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа,ойлау қабілетін дамуға тигізетін пайдасына тоқталып өтті.

Қыздар мен бірге ер балалар да тоқуға қызығушылық танытты. Жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын таба бермек.