2024 жылдың 7 ақпан күні көру және есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған 0 - 1 класс тәрбиешілері арасында тәрбиешілер Смағұл Ақерке , Елеуова Сандуғаштың ұйымдастыруымен “Спорт - денсаулық кепілі” тақырыбында спорттық ойындар өткізілді. Мақсаты: Интернат тәрбиешілері арасында белсенді спорттық ойындар ұйымдастыра отырып, тәрбиешілер арасындағы ұйымшылдықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау; бос уақытты тиімді ұйымдастыра білу. Ойын барысында әр түрлі қызықты спорттық жарыстар өткізілді.Топтық және жеке ойындар түрлері болды.Тәрбиешілер өздерінің шапшаңдық, ептілік, мергендік қабілеттерін көрсете білді.