Көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар арасындағы апталығының ашылуы аясында мектеп психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А. А. «Кім тапқыр?» атты тренинг-ойынын өткізді. Мақсаты: есту және қабылдау арқылы есте сақтау, ойлауды дамыту, тактильді сезімді дамыту. Қозғалыс үйлесімділігін жетілдіруге арналған жаттығуларды орындауға балалар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.