"Ақтөбе облыстық арнайы ”мектеп - интернат - колледж” кешені КММде “Тоғыз айға - 9 іс - шара” тұжырымдамасы аясында “Қазақ есебі” челленджі негізінде 5 - 6 класс оқушылары арасында математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Қазақтың байырғы өлшем бірліктері” тақырыбында танымдық іс - шара жүргізілді. Оқушыларға қазақтың байырғы өлшем бірліктері жайында сіз бен біз күнделікті өмірде қолдана бермейтін мәліметтер берілді.