24.01.24 ж. жоғарғы буын тәрбиешілері Кыдыралина Б., Жанболатова Н. “Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жоспары бойынша ата - аналармен кезекті кездесу өткізді. Кездесуде қаңтар айының жоспары бойынша жоғары буын оқушыларының болашақ өмірге бейімделуіне жол сілтеп, ата - аналарға ақыл - кеңес беру мақсатында “Сен жанбасаң лапылдап...” және “Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы” тақырыбында жастарымыздың зиянды іс - әрекеттер мен зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауына, олардың құрбаны боп кетпеуіне ата - ана, мектеп болып бас - көз болуға, қадағалауға ақыл - кеңес беру мақсатында нәтижелі кездесу ұйымдастырылды. Кезекті кездесу мағыналы слайд материалдары, статистикалық деректерге сүйене отырып жүргізілді. Шара барысында тақырып аясында ата - аналарға сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалып, өзара ой бөлісе отырып, психолог мамандармен бірлесе тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, ата - аналарға көкейтесті өздерін мазалайтын мәселелері болса, ортаға салулары ұсынылып, оларды бірлесе шешуге әрекет етілді. Артынша, келген ата - ананың бірі мектеп психологтарының жеке қабылдауында болып, кеңес алды. Жоспарланған кезекті отырыс мақсатына толық жетті.