2024 жылдың 24 қаңтар күні бастауыш буын тәрбиешілері есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың ата - аналарымен бірлескен «Ата - аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспары бойынша кездесу өткізді. Тәрбиеші Ж.Б. Боранбаева «Әрбір бала - жарық жұлдыз» тақырыбындағы баяндамасында темпераменттің 4 түріне тоқталып, бейнеролик арқылы сипаттама берді. Баланың мінез - құлқына, көңіл - күйіне ата - аналардың өте мұқият болуын, аса көңіл бөлу қажеттілігін айтып өтті. Сонымен қатар, бастауыш класс тәрбиешілері Н.М. Зағитова, А.С. Кожабергенова «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» тақырыбында үй жағдайында балаларға ата - аналарымен бірге ойнауға арналған интеллектуалдық ойын түрлерімен таныстырды. Кездесуде ата - аналармен тренингтер, ойындар ойналып, барлығы көңілді әсер алды.