Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің психологтары М.Момышева, А.Шакибаева “Сенім” тақырыбында педагогтарға арналған тренинг өткізді. Тренинг барысында педагогтар • Эмоционалды күйзеліс ұғыммен танысу оның сипаттамалары; • Мамандыққа деген көзқарасты анықтау, проблеманы оқшаулау; • Күйзеліс белгілерін талдау, кәсіби қызметке қанағаттанбау көздерін табу; • Жұмыстағы жағымсыз тәжірибелердің көздерін өзіндік талдау, профессионалдық қызметінің ресурстарын, өсу бағыттарын анықтау; • Жинақталған жағымсыз эмоцияларды айту арқылы жеңілдену мақсатында түрлі жаттығулар орындады.