26 желтоқсан мектебімізде бастауыш класс оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсінігін қалыптастыру,мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.

Ертеңгілік барысында жаңа жылдық ертегі көріністері қойылып, қызықты ойындар өткізілді. Оқушылар қойылымды тамашалап, ән айтып, би биледі .Аяз Ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтарын таратып, барлығына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.