Ағымдағы жылдың 12 қазанында Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінде "Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті" тақырыбында педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыста әдеп кеңесінің төрайымы Э. Коблаш жас мамандарға арнайы білім беру мекемесінің өзіндік ерекшеліктері туралы түсіндірді.