2023 жылдың 16 маусымында Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің негізгі мектепті бітіруші түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті. Мектеп директоры Г.Шакенова мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, аттестаттарын табыстады. Сондай-ақ, шараға келген ата-аналар мен ұстаздар ақ тілектерін жолдап, сәт сапар тіледі. Түлектер де мектепке, ұстаздарға деген тілектерін ым-ишара тілінде әнмен, әсем билерімен жеткізді.