«Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені» КММ-сі 2021 жылдың 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Жарқыра, жайна Жаңа жыл, Тәуелсіз қазақ елінде!» атты құттықтау шарасын өткізді. Мерекелік шараға оқуда озат, шығармашылық жетістіктерге жеткен және әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан 5 оқушы қатысты. Мектеп директоры Г.Шакенова Елбасы атынан бағалы сыйлықтар табыстады.