"Тәуелсіз тілімнің тұғыры биікте" атты тіл онкүндігіне орай жаратылыстану-математика бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастырумен "Тіл және тәуелсіздік" тақырыбында ауызша журнал шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін білуге, көркемдігін сезініп, сөз құдіреті түсінуге, мемлекеттік Тіл мәртебесін өркендетуге үлестерін қосуға тәрбиелеу. Тіл әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.
Оқушылар шарада белсенділік көрсетті. Оқушыларға және олардың тәрбиешілеріне алғысымызды білдіреміз.
#школаинтернатколледж