«МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚ ЭТИКАСЫ» апталығы

 

22-27/02/2021ж. аралығында орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің «Мейірімділік пен сыйластық этикасы» тақырыбындағы тақырыптық апталығы онлайн түрде өтті.Тақырыптық апталықта өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.

Мақсаты:  Оқушылардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту,мейірбандылыққа тәрбиелеу.

 

22ші ақпан күні апталықтың ашылуы болып, жоспар бойынша іс-шаралар барысы хабарланды. Орта буын оқушылары апталық барысында белсенділік танытып, апталықтың қызықты өтуіне атсалысуға шақырылды. Тәрбиешілер тарапынан орта буын оқушыларымен  «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаттарында тәрбиешілер «Мейрімділік,сыйластық,адамгершілік» ұғымдары – адам өміріндегі маңызды құндылықтар екенін оқушыларға жете түсіндірді. Жауапты:ӘБ жетекшісі Қыдыралина Б.Ж және орта буын тәрбиешілері.

23 ақпанда  7б,8б оқушыларымен Қойшыбанова А.А,Қыдыралина Б.Ж  ЗУМ платформасы арқылы «В мире доброты» атты онлайн-диалог өткізді. Сабақ барысында оқушылармен адами жақсы қасиеттер мен адамгершілік құндылықтары туралы әңгімелесу өтті. Оқушылар әдептілік пен сыйластық ережелерін еске түсіріп, диалог арқылы көптеген жағдаятты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оқушылар адамгершілік қасиеттер туралы өз ой-пікірін білдіріп,осы өмірде жақындарына,достарына,таныстарына жасаған жақсы іс-әрекеттерімен бөлісе отырып,мысалдар келтірді. Оқушылар сабаққа қызығушылықтарын білдіріп,белсенділік танытты.

24 ақпанда 7а,8а кл. оқушыларымен тәрбиешілер Жетібаева А.Қ, мен Ермағанбетова С. «Әдептілік қағидалары» тақырыбында сайыс-сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға кішіпейілдік пен жақсылық жасау,жаман әдеттерден аулақ болу,адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата білумен қатар,әдеп әліппесін ұстану туралы түсініктер кеңінен берілді. Оқушылар адами қасиеттер туралы мақал-мәтелдер арқылы жарысып,өз білімдерін көрсете білді.

25 ақпанда 6 «а» класс оқушыларымен тәрбиешілер Қибашева Д.М, Шаукенова М.Д. ЗУМ платформасы арқылы «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында оқушылармен, ата-аналарымен біріккен сұхбаттасу өткізді.Сұхбаттасу барысында оқушыларды жақсы әдеттерге құштар болып, жаман әдеттерден аулақ болуға,үлкенге құрмет,кішіге қамқор болуға шақырды,өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі маңызын түсіндірді, имандылық, шыншылдық,ізеттілік сияқты адами қасиеттерге бағыттау жұмыстары сұрақ-жауаптар арқылы жүргізіліп, логикалық ойлау қабілеттерін оятты. Сабақ барысында оқушылар ата-аналарымен қатар белсене қатысып, олардың аналары отбасындағы тәрбие құндылықтары туралы өз пікірлерімен бөлісті.

26 ақпанда  тәрбиешілер Құрмансеитова А.С.Культемирова М.С. 5 «а»,5 «б» класс оқушыларымен «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында ЗУМ платформасында дөңгелек үстел өткізді. Сабақ барысында оқушылар тақырып аясында жағдаяттарды оқып,өз ойларын ортаға салды.

«Не дұрыс?Не бұрыс?» айдары бойынша Не істеуге болады?Не істеуге болмайды? –деген сұрақтарға дұрыс жауаптарын айтты. «Жүректен жүрекке» айдары бойынша жүрекшелердегі жақсы және жаман мінездерді 2ге бөліп,онда жазылған адами қасиеттерді өз бойынан табылатындарын атап айтты. Мінездегі жаман қасиеттер жазылған жүрекшелерді жырту арқылы дұрыс ойларын білдірді. Оқушылар дөңгелек үстел барысында белсенділік танытты.

27 ақпан күні тақырыптық апталықты қорытындылау мақсатында орта буын оқушыларымен әр тәрбиеші ватсап желілері арқылы тілдесіп, әдептілік, ыйластық, адамгершілік тақырыбында қорытынды сұрақтарын қойып,олардан дұрыс жауаптар алды.

Апталықты қорытындылау бейнеролигіне жауапты тәрбиешілер Гарипова Д.Р. Қамбарова Д.Қ

Тақырыптық апталықта жоспарланған іс-шаралар толық жүзеге асып, апталық мақсатына жетті.

Апта бойы өткізілген барлық іс-шаралар бейнеролик арқылы мектептің инстаграм парақшасына уақытылы жүктеліп отырды. 

 

Орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қыдыралина Б.Ж.