Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ 2021 жылдың 4 ақпан күні "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жоғары класс оқушыларына арналған «Қазақстан – алтын бесігім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, Тәуелсіздік нышандарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен сабаққа арнайы бейнепрезентация дайындалып, ым-ишара тілінде түсіндірілді. Ел Тәуелсіздігінің тарихы, еліміздегі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан бірнеше ұлттар мен ұлыстардың татулығы, тәуелсіздігіміздің белгісі болған Мемлекеттік Рәміздер туралы кеңінен баяндалған бейнесабақ оқушыларға WhatsApp желісі арқылы таратылып, мектептің @shkolainternatkol инстаграм парақшасында жарияланды.