"Жемқорлық - күрделі әлеуметтік мәселе"
2020 жылдың 04 желтоқсан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ-де жоғарғы класс және колледж топтарының оқушылары арасында оқушыларды адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбиешілер Балжанова Ақмар, Артыкова Айнұр "Жемқорлық - күрделі әлеуметтік мәселе" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен басталған сабақ барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға түсінік берілді. Сабақ соңында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтан қорғану жолдары айтылды:
- Пара берме және алма!
- Мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіндігіңді пайдаланып, жетуге тырыс!
- Парақорлық фактілері кездескен жағдайда жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабарла!
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратты 1424 телефоны арқылы сеніп тапсыруға болатыны ескертілді.