Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ жас мамандар мектебінің "Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі—қашықтан оқыту технологиясы" тақырыбында оқыту вебинары өтті. Оқыту вебинарында жас мамандар мектебінің жетекшісі Г.М.Жанжигитова ерекше оқу қажеттілігі бар білім алушылардың қашықтан оқыту жағдайындағы ерекшеліктері туралы түсіндірді. Әдіскер Э. Коблаш педагогтардың өткізген іс-шараларымен бөлісті. Әдістемелік қызмет барысында жүргізілетін жұмыстар мазмұнымен таныстырды. Отырыс барысында пікірлер айтылды.