Туған күн мерекесі

2020-2021  оқу жылында оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімдеу, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, бала бойына жақындық, сыйластық, мейірімділік сынды қасиеттерді сіңіру мақсатында оқушылардың туған күндерін атап өту дәстүрі қашықтықтан жалғасын тапты. Бастауыш буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігі "Радуга-дуга" атты жазғы туған күн иелеріне қашықтықтан бейнеролик жасап, құттықтады. Мектеп әкімшілігі балаларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Ата-аналар да қалыс қалған жоқ.Ата-аналар комитетінің мүшелері  Жангельдина Ж.К.,және Шымбергенова А.М.,  жүректен шыққан тілектерін білдірді. Бейнероликке жауапты тәрбиешілер Мендикулова У.,Боранбаева Ж.,Тоғызова Ж іс-шараға жауапкершілікпен қарай білгендігін, бірлесіп атқарған тиянақты жұмыс нәтижесін көрсетті. Жасалған бейнеролик инстаграмм желісіне салынды. Оқушылар мен ата-аналар ерекше көңіл күймен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Туған күн кештерін өткізу тек той тойлау ғана емес, басты мақсаты қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, өмірге құштарлықтарын арттыру, қоғам өміріне белсене араласу болған  игілікті шара алдағы уақытта дәстүрлі шаралардың бірі де бірегейі боп қалмақ.

 

 

ӘБ жетекшісі    Л.Ж.Тажбенова