Әдістемелік бірлестік отырысы
10.11.2020 ж. орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің "Қашықтан оқыту кезінде тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған кеңестер" тақырыбында zoom платформасында отырысы өтті. Отырысқа бірлестік мушелері мен әкімшілік қатысты. Кездесу барысында бірлестік жетекшісі Б.Кыдыралина такырып бойынша баяндама оқып,слайд материалдары арқылы қазіргі таңда актуалды пайдалы кеңестер ұсынды. Артынша баяндама талқыланды. Жиналыс барысында І тоқсан бойынша қорытынды жасалды, тәрбие жоспары бойынша 8 бағыт қамтыла отырып, өткізілген тәрбие сағаттар туралы ақпарат, тәрбиешілер мен оқушылар жетістіктерін, ата-анамен жүргізілген жұмыс түрлерін, бірлестікке биыл жаңадан қосылған жас мамандарға көрсетілген көмек пен олардың жұмысқа төселу барысын атап айтты. Бірлестік жетекшісі Қыдыралина Б.Ж. жиналысты тоқсан соңында тәрбиешілер жұмысына жасалған мониторинг пен диаграмма арқылы қорытындыланды. Жиналыс барысында берілген кеңестер видеоролик арқылы ата-аналарға жіберілді. ӘБ отырысы жоғарғы деңгейде өтті.