Қашықтықтан оқыту: жауапкершілік, міндет, ізденіс 

 

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде

 бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы

«мектеп-интернат-колледж» кешені КММ

директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары

Н.Ж.Суликанова

 

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені еліміздегі төтенше жағдайға байланысты осынау тығырыққа тірелген қиын сәтте колледж мұғалімдері   интернет пен   оқу үдерісін ұйымдастырып,  наурыз айының 16 –нан бастап білім беру саласының қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Дәстүрлі түрде өтетін сабақ қашықтықтан оқытуға ауысты.  Қашықтықтан оқыту дегеніміз — ол үнемі компьютердің  немесе гаджеттін алдында отыру деген сөз  емес.  Уақыт талап етіп отырған қашықтан оқытудың тиімді тұстары мұғалім мен оқушының ақпараттық технология және коммуникация құралдарымен жұмыс жасай білу дағдысы артты, уақытқа тәуелділік жоқ, тәуліктің кез келген уақытында оқушымен байланыс жасап, кері байланыс орната алады. Колледж оқытушылары бүгінгі таңда компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып,  үздіксіз білім беруде. Колледж топтарына арнайы сабақ кестесі құрылды, оқушылармен кері байланысқа шығу үшін WhatsApp  мессенджері таңдалып, мұғалімдердің алдын ала дайындалған бейнесабақтары, дәрістері, тапсырмалары WhatsApp  арқылы ұсынылып отыр. 

  Қашықтан оқыту бұл – мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Қашықтан оқыту мұғалімнің көп ізденуін талап етеді.  Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануда. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Колледж тобында сегіз студент  білім алып жатыр. 201-інші  топ сабақ кестесі бойынша  өндірістік практикадан өтуде. Үй жағдайында ата-аналарының көмегімен шаш қию, шаш бояу, шаш өру сияқты тапсырмаларын орындап отырады. Кері байланысты қолданып, оқытушылар студенттерге бейнесабақтар жіберіп отыр.  Студенттерге қашықтан оқытудың тиімді жағы интернет желісінен өздеріне ұнаған шаш бояу, өру технологияларын үйренуге зор мүмкіндік туып отыр. «Шаштараз өнері және сәндік косметика»бірлестік оқытушылары мамандыққа баулу мақсатында білім алушыларға шебер кластар өткізіп отыр.  Сонымен қатар 201-інші  топ оқушыларына  диплом жұмысының  тақырыптары бекітілді, жетекшілері интернет желісі арқылы бағыт —бағдар беруде. Бұл мәселеде оқытушылардың көмегі зор. Бүгінгі күні оқытушыға да, студентке де артылатын міндеттің жүгі ауыр, әрі жауапты.

  Дегенмен қашықтың аты — қашық. Өтпелі кезеңдегі өліара шақтан өтіп, жақыннан жолығатын жақсы күндерде жүздесейік.