2019 жылдың  мамыр айының 17 күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Оған Қамқоршылық кеңестің мүшелері және білім ұйымының директоры Даутова Қ.А., директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Суликанова Н.Ж. қатысты.


ҚК күн тәртібі бойынша білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды және талқыланды. :

  1. Білім алушыларымен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы (мектеп формасының сақталуы, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы);
  2. Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы;
  3. Білім беру ұйымы басшысының есебі;
  4. Әр түрлі мәселелер.