2019 жылдыың қантар айының 28 күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім)есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.
Кеңеске Қамқоршылық кеңестің мүшелері және білім ұйымының директоры Қ.А Даутова, директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Н.Ж. Суликанова қатысты. Қамқоршылық кеңесте күн тәртібі бойынша білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды және талқыланды:
1.Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары;
2.Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау;
3.Бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы Қамқоршылық кеңестің ролі.