31.01.2024 ж «Ата - аналарды педагогикалық қолдау» қызметін ұйымдастыру жоспары бойынша есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш буын бірлестігінің тәрбиешілері Н.Зағитова мен А.Молдагереева ата - аналарға «Логикалық ойлауды үйрету» тақырыбында кезекті кездесуін ұйымдастырды.
Мақсаты:
Ата - аналардың бастауыш мектеп жасындағы баланың логикалық ойлауын дамытуға дайындығын қалыптастыру;
Ата - аналарға балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, үй жағдайында баланың зейінін дамытуға арналған ойындармен таныстыру.