Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінде «Жастарды нашақорлықтан қорғаудың жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты - жастарды нашақорлықтың зиянды әсерлерінен сақтандыру, оларға дұрыс ақпарат беру және осы қоғамдағы маңызды мәселеге қарсы күресуге шақыру болды.
Тәрбие сағаты барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына, әлеуметтік өмірге тигізетін теріс әсерлері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастарға нашақорлықтың алдын алу үшін отбасы мен білім беру мекемелерінің рөлі, сондай - ақ, жасөспірімдердің дұрыс бағытта тәрбиеленуі, бос уақытын пайдалы өткізу мүмкіндіктері жайлы мәліметтер берілді.
Жастарға нашақорлықтан аулақ болудың, денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Отырыс соңында студенттер сұрақтар қойып, мамандардан кеңестер алып, өз ойларын ортаға салды.
Бұл тәрбие сағаты жастардың дұрыс таңдау жасап, нашақорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуына үлес қосуға бағытталды. Біздің мақсатымыз - болашақ ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп, қоғамның жарқын болашағын қамтамасыз ету.
#НашақорлыққаҚарсы #СалауаттыӨмірСалты #Жастар #Тәрбие #Болашақ #ҚоғамдықҚұндылықтар #Колледж