Нашақорлық – адамның денсаулығына, санасына және өміріне зиян келтіретін қауіпті әдет. Бұл мәселе тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл қоғамның әл-ауқатына әсер етеді. Есірткіге тәуелділік жастардың болашағын бұзып, отбасылардың шаңырағын шайқалтады.
20 қаңтар күні жоғары класс және колледж топтарына арналған маңызды әрі өзекті тақырыпта дөңгелек үстел өтті. "Нашақорлық – қоғам дерті" тақырыбында өткен шарада оқушылар нашақорлықтың зиянды әсерлері мен оның алдын алу жолдары туралы пікір алмасты.
Дөңгелек үстел барысында:
Нашақорлықтың денсаулыққа, қоғамға және адам өміріне тигізетін теріс салдары талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, осы мәселені шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтты. Мектеп психологтары мен дәрігерлері қатысып, зиянды әдеттерден сақтану туралы кеңестер берді.
Бұл іс-шара оқушылардың дұрыс таңдау жасап, нашақорлықтың алдын алу үшін қоғам болып бірігіп жұмыс істейтіндігіне сенім ұялатты.
#НашақорлыққаЖоқ #СалауаттыӨмір #ҚоғамДерті #Білім