Жаңа жыл — бұл мейірімділік, жылулық және қамқорлықпен бөлісетін уақыт.   Жаңа жыл қарсаңында денсаулығына байланысты шыршаға қатыса алмаған оқушыларға Аяз ата мен Ақшақар арнайы сыйлықтарын табыстады. Бұл тамаша сәт балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жылды ерекше, жылы сезіммен қарсы алуға көмектесті.

Жаңа жыл қарсаңында оқушыларымызға ерекше қуаныш сыйлаған “Ақтөбе ферроқорытпа зауыты” “ТНК Казхром” АҚ  ұжымы оқушыларымыздың жазған хаттары бойынша олардың армандарын орындап, гитара, спорттық киім, ұялы телефондар, велосипед, кроссовка сыйлап, сыйлықтарды үйлеріне жеткізді.
Сонымен қатар, 50 оқушыға «Рахат» конфеттерінен тұратын тәтті қораптар сыйлап, балаларды шынайы мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш жасаған қайырымдылық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі екенін көрсетті.

Халық Банкі” АҚ қызметкерлері “мектеп-интернат-колледж” кешенінің оқушыларын жаңа жылмен құттықтап, тәтті сыйлықтар тарту етті.

Әр бала үшін Жаңа жыл — бұл үміт пен жақсылықтың символы, ал Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтары балаларға рухани қуат пен көтеріңкі көңіл-күй берді.

Жаңа жылда бәріміздің жүрегімізде мейірім мен қуаныш болсын!