Отырыс барысында І жартыжылдық бойынша денсаулығына сәйкес үйден оқитын оқушылармен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы және оқу үдерісінде қиындықтар туындап жатырған оқушылармен жұмыс, білім беру саласындағы маңызды мәселелер, педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету жүйесін жақсарту жолдары талқыланды. Оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын анықтап, олардың оқу процесіне әсер ететін факторларды ескере отырып, мамандар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Сондай-ақ, үйден оқитын оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, педагогикалық-психологиялық көмек көрсету шараларының тиімділігін арттыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша орталықтың жұмысын одан әрі дамыту, ұстаздар мен оқушыларға психологиялық көмек көрсету сапасын арттыру үшін нақты жоспарлар мен ұсыныстар белгіленді.