2025жылдың 14 сәуірінде бастауыш буын оқушыларына «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс - шараны М.Тлеу ұйымдастырып, жүргізді.
Мақсаты:
⚜️Оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру;
⚜️Әр балаға өз құқықтарын білуі және қорғай алуы керектігін ұғындыру;
⚜️Оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру.
Сабақ барысында балалар адам құқықтары туралы мәлімет алып, түрлі жағдаяттар талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Бала құқықтары туралы Конвенциядан үзінділер келтірілді.
Іс - шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, олардың құқықтық білімге деген ынтасын оятты.
https://sch.edu.kz/kz/247/1127-men-zh-ne-meni-y-tarym.html#sigFreeIdf5fa35bec6